Құқық қорғау органдарының өкілдерімен және заңсыз қару-жарақ сатқан саудагерлермен болған атыс салдарынан Гилгит полициясының терроризмге қарсы күрес департаментінің бес қызметкері мерт болып, жетеуі жарақат алды. Бұл туралы Geo.tv телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Гилгит полициясы Гилгит-Балтистан провинциясының Диамир округінде заңсыз қару-жарақ сатқан саудагерлерді ұстау операциясын жүргізді. Қылмыскерлер құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқ жаудырып, салдарынан бес полицей мерт болды, тағы бесеуі жарақаттанды. Сонымен қатар, атыс барысында екі бейбіт тұрғын зардап шеккен. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер оқиға орнынан ізін суытқан.
«Күдіктілердің заңсыз қару-жарақ саудасына қатысы бар болып шықты», - деді провинцияның уақытша бас министрі Афзал Хан. Оның тапсырмасы бойынша жақын арада оқиға туралы толық есеп дайындалуы керек.