07 мау, 2021 сағат 17:28

Пәкістанда пойыздар соқтығысып, кемінде 40 адам опат болды


7 маусымда таңертең Пәкістанда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 30 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Оқиға Синд провинциясындағы Дахарки қаласы маңында болған. Биліктің мәліметінше, рельстен шығып кеткен пойыздардың біріне жолаушысы көп екінші пойыз соқтығысқан. 

Қанша адамның вагондар астында қалғаны белгісіз. Құтқарушылар оларды табу үшін арнайы техника сұраған. 


"Апат болған маң алыста болғандықтан құтқару операциясы күрделенді" деді теміржол компаниясының өкілі. Кемінде алты вагон толық қираған. 

Компанияның баспасөз қызметі кемінде 30 адамның қаза болғанын хабарлады. Ал Дахарки полициясының аға офицері Омар Туфаил 40 шақты адам опат болды дейді. 

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан оқиғаны естіп түршіккенін айтып, жол апатының себебін толық зерттеуге уәде берді.