Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі тағы 1 миллион доза өзбек-қытай вакцинасы жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды ӨзА.
«Қазір ғана Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd. компаниясы тарапынан өзбек-қытай мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 1 миллион дозасы әкелінді» делінген хабарламада.
Бүгінгі күнге дейін елдегі вакцинацияланған 565 мыңнан астам адамның 46% -ы немесе 263 мыңнан астамына дәл осы ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы егілген. Олар қатарында 148 мыңнан астам азамат 65 жастан асқандар.
Атаулы вакцинаның алғашқы 1 миллион дозалы партиясы Өзбекстанға 27 наурызда әкелінген еді.
Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады.