24 ақп, 2017 сағат 08:04

Өзбекстандағы химия зауытында жарылыс болды

Өзбекстанның Ферғана қаласындағы "Ферғанаазот" зауытының аммиак цехында жарылыс болды. Зауыт азот тыңайтқыштары мен басқа да химиялық заттарды өндіреді.

"ААҚ "Ферғанаазотта" 23 ақпанда сағат 16.30-да аммиак цехындағы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде жарылыс болды. Адам шығыны бар", - деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Хабарларға қарағанда, оқиғаны зерттеумен және зардап шеккендерге көмектесумен айналысатын үкіметтік комиссия құрылған. Жарылыстан қанша адам зардап шеккені хабарланбады.

"Ферғанаазот" – Өзбекстандағы азот тыңайтқышын өндіретін ірі кәсіпорын. Мұнда жылына 270 тонна карбамид және 350 мың тонна аммиак селитрасы шығарылады.