Фото: gazeta.uz
Ферғана облысындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыс пен одан кейін болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz uzdaily.uz-ға cілтеме жасап.
Аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ферғана қаласындағы Ахмед Яссауи көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде болған.
Төрт адам жарақат алды, сегіз адам дәрігерлер бақылауында.
ТЖБ мәліметінше, жарылыс сағат 13:43-те сұйытылған газды шығару кезінде болған. Оқиғаға технологиялық процесс пен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 13:47-де жетіп, 14:02-де өртті ауыздықтап, 14:12-де толығымен сөндірді.
Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы, хокимият өкілдері, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомство басшыларының қатысуымен өрт салдарын жою жұмыстары жедел ұйымдастырылды.