Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев балалардың құқығын қорғауды күшейту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжаттың бір тармағына сәйкес қыздардың некелесу жасы ұлғайтылды, яғни бұрын тұрмыс құру жасы 17 болса, қазір - 18, деп жазады Sputnik агенттігі "Новости Узбекистана" порталына сілтеме жасап.
Айта кетсек, түзетулер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Бүгінде республика заңына сәйкес, некелесу жасы ерлерге - 18 жас, әйелдерге - 17 жас.
Былтыр қараша айында Өзбекстанның әйелдер комитетінің төрайымы Мукаррам Нурматова елде некелесу жасының өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.