Өзбекстанда Президент қаулысымен әлемнің 6 елінің азаматтарына 10 күндік визасыз режим енгізілді, деп хабарлайды ӨзА агенттігі.
2021 жылдың 1 наурызынан бастап Өзбекстан Республикасының аумағына кірген күннен 10 күн мерзімге мына елдердің азаматтары үшін визасыз режим орнатылды:
Бахрейн Корольдігі;
Катар мемлекеті;
Кувейт мемлекеті;
Оман Сұлтандығы;
Қытай Халық Республикасы;
Гонконг және Макао Қытай Халық Республикасының арнайы әкімшілік аймақтары.