30 шіл, 2020 сағат 10:38

Өзбекстанда бір күнде 700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

29 шілдеде Өзбекстанда 692 адамға коронавирус инфекцияси диагнозы қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Өзбекстанның коронавирус жөніндегі республикалық арнайы комиссиясына сілтеме жасап.

«Анти-рекорд жаңартылды - бүгін Өзбекстанда 692 (!) адамға коронавирус диагнозы қойылды, 365 науқас хал үстінде жатыр, 172-сінің жағдайы ауыр», - делінген хабарламада. 

Бір күнде 5 науқас, соның ішінде бір жүкті әйел қайтыс болған.

Сондай-ақ, кеше елде 672 науқас емделіп шығып, емделгендердің жалпы саны 12 937 адамға жетті.

Өзбекстандағы коронавирустық инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 22 585 құрап отыр.