16 жел, 2021 сағат 23:12

Өзбекстан шетелдік туристерге tax free енгізбек


Өзбекстан билігі елдің барлық туристік қалаларында шетелдік қонақтарға сатып алған затының қосылған құн салығын қайтару жүйесін енгізбек. Бұл жайында Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған ақпаратқа қарағанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейінді ведомстволарға осыған қатысты нақты тапсырма жүктеген. 

Өзбекстан Президентінің атап өтуінше, Ташкентте, Самарқанд пен Бұқарада tax free жүйесін енгізу, сонымен қатар қалаларда Duty Free дүкендерін ашу арқылы жеке сауда-саттық көлемін екі-үш есе арттыруға болады. 

«Толықтай алғанда, шетелдік қонақтардың сатып алған заттарына қосылған құн салығын қайтару жүйесін барлық туристік қалаларда енгізу қажет. Осы үш қаланың мысалында көрсетілген мүмкіншіліктер барлық облыс орталықтары мен ірі қалалар үшін өзекті», - деді Шавкат Мирзиёев. 

Айта кетейік, Өзбекстанда шетелдіктер бөлеген қосылған құн салығының сомасын қайтару жүзесін енгізу турлы жоспар сонау 2019 жылы өктерілген болатын. Өзбекстан Қаржы министрлігі оны 2020 жылдың 1 шілдесінен енгізуді көздеген еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оны енгізу мерзімі кейінге шегерілді.