23 қаң, 2018 сағат 09:49

Өзбек әншісі Қазақстанда қаза тапқан отандастарына ән арнады

Өзбекстан орындаушысы Сардор Мамадалиев Ақтөбе облысында өртенген автобустан қаза тапқан 52 адамның рухына арнап ән шығарды. Бұл туралы Nuz.uz порталына сілтеме жасап kaz.tengrinews.kz агенттігі жазады. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды. Сонымен қатар, ІІМ өкілдері өрттің неден шыққанын айтты.