АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер қазақстандықтардың АҚШ-қа визасыз бару мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Визасыз режим - біз үшін өте қиын мәселе, себебі бұл америкалық заңның көптеген талаптарын қозғайды. Мұндай талқылауды өткізу үшін Қазақстан бірнеше талапты орындауы қажет. Әзірге бұл тақырыптың ауылы алыс», - деді елші қазақстандық журналистермен кездесуде.
Оның айтуынша, 2018 жылы АҚШ Қазақстанның 20 мың азаматына 10 жылдық виза берген.