28 нау, 2021 сағат 09:17

Өткен тәулікте Қазақстанға 12 елден 36 халықаралық әуе рейсі келді

2021 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

4 674 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 647 адам, анықтамасыз 27 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 758 жолаушы, анықтамамен - 2 741, анықтамасыз - 17; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 368 жолаушы, анықтамамен - 358; анықтамасыз - 10; 

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 731 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 371 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 298 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген;

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 26 наурызында шетелден анықтамасыз келген 26 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.