Күйеуінің көзіне шөп салып, мұны өзінің сұхбатында ұялмай айтқан танымал продюсер Баян Алагөзова бала тәрбиесі жайында өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше, ата-ана балаға қатал болмауы керек және ұрыспауы керек. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды, деп хабарлайды sn.kz.
Продюсер өзінің екі қызын да қатал ұстамайтынын айтты. Ал, өзі болса кезінде ата-анасының қатал тәрбиесінде болған екен. Баянның пікірінше, баланы неғұрлым қатал ұстаса, ол соғұрлым өтірікке үйір болатын көрінеді. Мәселен, Баянның өзі қазір өтірікті өте жақсы, әрі сендіріп айтатын дәрежеге жетіпті.
«Таңдау өздеріңізде. Мені де қатал тәрбиелеген. Бірақ мен бұған келіспеймін. Айтпақшы, мен соның арқасында өтірікті өте жақсы айтатын болғанмын», – дейді Алагөзова.
Осы ретте Баян Алагөзова ең қатал ата-аналардың өтірікті жақсы айтатын суайттарды дайындап шығаратынын атап өтті.