12 шіл, 2022 сағат 17:17

Осының бәрі Қазақстанның арқасында болып жатыр - Елена Рыбакина

Фото: informburo.kz

Еліміздің бірінші ракеткасы, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстан атынан өнер көрсетуге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан 5 жыл бұрын менің алдымда одан әрі не істеймін деген сауал тұрды. Жасым 17-18-де еді. Менде екі таңдау болды. Теннис ойнауды жалғастырып кәсіби деңгейге көшу. Екінші таңдау оқуға түсу. Мені АҚШ-қа оқуға шақырды. Көптеген юниорлар екінші жолды таңдап жатады. Мен алғашқы турнирімді сәтті ойнадым», - деді Рыбакина елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, сол сәтте Қазақстанның атынан өнер көрсету туралы ұсыныс түскен. 

«Меніңше, өте сәтті ұсыныс болды және уақытылы жасалды. Бір бірімізді дәл уақытында тапқан секілдіміз. Менің спорттағы саяхатым Қазақстанмен жалғасып жатқанына қуаныштымын. Осының бәрі Қазақстанның арқасында болып жатыр. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет. Қолдауларыңызды сезіндім», - дейді ол.