04 жел, 2020 сағат 12:37

«Ордабасы» футбол командасының бюджеті 30 пайызға қысқарады

Қазақстандық Премьер-лигадағы «Ордабасы» командасының бюджеті 30 пайызға қысқартылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы бюджет неліктен өткен жылдың бюджетінен көп болды. Себебі команда еурокубокта ойнаған болатын. Бұл пандемияға дейінші кезең болғандықтан, іссапарға кететін шығындарды ұлғайтқан едік. Еурокубокта қандай да бір жетістікке жетуді мақсат тұттық. Біз еурокубоктан шығып қалғаннан кейін бюджетті 2,5 млрд теңгеге дейін қысқартылды», - деді Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша одан үнемделген ақша пандемиямен күреске жұмсалған.

«Келесі жыл үшін біз бюджетті ақыры 30 пайызға қысқарттық. Ақырында 4 немесе 5 млрд теңге қалады. Қаланың өзіне республикалық бюджеттен қаражат бөлінетіндіктен біз көшбасшы болуға тырысуымыз керек», - деді ол.

Сонымен қатар тілшілер әкімге бас бапкер Кахабер Цхададзе клубта қала ма, жоқ па деген сұрақ қойды.

«Біз «Ордабасы» командасынан жетістікті күткен едік. Бірақ өкінішке қарай ол тек бесінші орынды місе тұтты. Қазір сіздердің бұл сұрақтарыңызға нақты жауап бере алмаймын. Қорытынды кеңес өткізуіміз керек», - деді ол.