ORDA FM радиостанциясының директоры Азамат Исаев халық алдында дөрекі мінез көрсеткен әнші Төреғали Төреәлінің барлық әндері эфирден алынып тасталғанын мәлім етті.
Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
«ORDA FM жетекшісі ретінде, желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң әншінің барлық әндерінің эфирден алынып тасталғанын хабарлаймын. Сахнадағы өрескел қылығы үшін концертке келген көрермендерден кешірім сұрауын талап етеміз!» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Төреғали Төреәлінің сахнада тұрып концертке келген қариямен сөзге келіп қалғаны бейнеленген видео тарап кеткен болатын. Халықтың пікірлеріне қарағанда, концертте үлкен кісілердің біреуі Төреғали Төрәліге "фотоға түсе бермей, әніңді айтпайсың ба?" деген сыңайда ескерту жасаған.Оны мына видеодан анық байқауға болады.
Содан ашуға мінген әнші концертке келген барша көрермендеріне көкейінде жүрген ойын жеткізген.
Осы оқиғадан соң әнші Инстаграмдағы парақшасында «өтірік» деген сөз жазылған картина жариялады. Бұны Төреғалидың жауабы деп түсініп жатқандар да бар. Алайда ORDA FM жетекшісі бұл әрекеттің жалған екеніне сенбейтінін де білдірген.
«Есті әндердің орындаушысы, xалық алдында саxна төрінде ессіз қылық көрсетіп жатса, онымен қоймай "бұл жалған" деп xалықты алдаса, онда біз де ондай өнер иесінің әндерін насиxаттаудан бас тартамыз. Бұл - ұжымдық шешім. Ессіз әрекетке тоқтау болу керек!» - деп жазды ол Инстаграмда.