Синоптиктер 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оған сәйкес, елде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ та жауады.
"Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы +40 гардусқа дейін көтеріледі, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндізгі уақытта біртіндеп 35 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Қазақстанның орталығында аптап +30...+38 градустан +27...+35 градусқа дейін аздап төмендейді, республиканың шығыс аймақтарында ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +40...+45 градусқа дейін аптап сақталады", - делінген хабарламада.