16 сәу, 2021 сағат 13:35

Оңтүстік Кореяда жаңа премьер-министр тағайындалды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы депутаты, ішкі істер министрі Ким Бу Кюм елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды YONHAP агенттігі.

Тағайындаудан кейін Ким журналистерге елдің коронавирус пандемиясының қиыншылықтарын еңсеруіне және тіршілікке қажетті қаражатты қалпына келтіруге бар күшін салатынын айтты. 

Атап айтқанда, Ким «бірлесіп басқару, интеграция және ұлттық бірлік үшін одан да көп күш салуға» уәде берді.