03 жел, 2024 сағат 22:21

Оңтүстік Кореяда "төтенше әскери жағдай" енгізілді

Фото:yesasia.ru

Оңтүстік Кореяда "төтенше әскери жағдай" енгізілді. Президент Юн Сок Ёль бұл "Солтүстік Корея коммунистік күштерінің қаупі" мен "мемлекетке қарсы элементтерді жою" үшін деп мәлімдеді.

Мәселе мемлекет бюджеті туралы заң жобасы бойынша парламенттік сұрауға байланысты басталды.

Корей Парламентінің төменгі палатасы таратылып, кез келген саяси қызметке тыйым салынды және БАҚ-тағы барлық жарияланымдар қатаң мемлекеттік текстеруден өтуде, кей сайттар бұғатталып жатыр.

Оппозиция жетекшісі бұл әрекеттерді айыптады. Ал наразы халық  Парламент ғимаратын қоршап алды деген ақпарат тарап жатыр. 

АҚШ-тың "Ақ үйі" болса жағдайдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын айтты.

Айта кетейік, соңғы рет Оңтүстік Кореяда "төтенше әскери жағдай" 1979 жылы жарияланған.