Оңтүстік Корея былтыр ел тұрғындарының азайғандығы туралы мәлім етті. Бұған ел халқының тез қартаюы мен туу көрсеткішінің рекордтық төмен деңгейі себеп болған, деп хабарлайды YONHAP ақпарттық агенттігі.
Кореяның Статистика басқармасының келтірген алдын ала мәліметтеріне сәйкес, былтыр жаңадан туылған нәрестелер саны рекордтық төмен деңгейге жеткен - 272 400 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға, немесе 30 300 адамға аз.
Былтыр елде қайтыс болған адамдардың рекордтық саны тіркелді - 305 100 адам. Бұл жағдай ел халқы санының 33 мың адамға кемуіне әкелді.
2025 жылға қарай Кореяда 65 жас және одан асқандар саны көп елдер қатарына кіреді.