Оңтүстік Кореяда «Митаг» дауылының төнуіне байланысты 700-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды Рёнхап агенттігі.
Тайфун Чеджудо аралынан батысқа қарай айдыннан өтіп Корея түбегіне сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ге қарай дауыл Корея Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан Мокпхо қаласына жетуі керек. Тайфунның төнуіне байланысты 680 әуе рейсі тоқтатылды, Пусан-Чеджудо бағытындағы 69 су маршруттарының қозғалысына шектеу қойылды, ұлттық саябақтарда 500 жаяу жүргінші жолдары жабылды. Жергілікті билік өкілдері бірқатар танымал фестивальдерді кейінге шегеруге мәжбүр болды.
Елдің кейбір аудандарында қауіп жөнінде ескерту жарияланды, билік өкілдері адамдарды аса қажеттіліксіз далаға шықпауға шақырады.