Мемлекет COVID-19-бен күресте жетістікке жетті, алайда билік пандемия бірнеше ай бойы жалғасады деп күтуде.
Корейлік ауруларды бақылау орталығының басшысы Чон Ын Кен алғашқы толқын сәуір айына дейін созылды дейді.
Мамыр айынан бастап жаңа вирус жұқтырғандар саны көбейді. Осы кезеңдердің арасында соңғы үш күнде аурудың күн сайынғы расталған жағдайларының саны мыңнан нөлге дейін қысқарды.
Ресми тұлғалар соңғы 24 сағат ішінде ірі кеңселер мен қоймалардағы түрлі кластерлерден жұқтырудың 17 жаңа дерегі туралы хабарланғанын айтты.
Бұған дейін ел астанасының оңтүстігінде орналасқан Деджеон қаласының билігі бірқатар вирустық кластер анықталғаннан кейін мұражайлар мен кітапханалар сияқты қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанын хабарлаған болатын.
Сеул қаласының мэрі, алдағы үш күнде ауру саны орта есеппен 30 адамнан асса, ал қалалық ауруханалардағы ауыру деңгейі 70%-дан асатын болса, қаланың қатаң әлеуметтік қашықтықты сақтау талабына оралуы мүмкін екенін ескертті.
Оңтүстік Корея локдауннан құтылып, оның орнына вирустың алдын-алу және тестілеу стратегиясымен бірге әлеуметтік қашықтықтағы ерікті шараларға сүйенді.
20 қаңтарда аурудың алғашқы жағдайы белгілі болғаннан бері мемлекетте 280 адам қайтыс болды. Жалпы алғанда, инфекция жұқтырудың 12000-нан астам жағдайы тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 9 миллионнан асып, қазіргі уақытта 9 051 578-ге жетті.