12 нау, 2021 сағат 11:31

Оңтүстік Кореяда қатаң әлеуметтік қашықтық режимі ұзартылды

Оңтүстік Корея өзінің әлеуметтік алыстату шараларын тағы екі аптаға ұзартады, деп хабарлайды YONHAP агенттігі.

Бұған елде Covid-19 вирусының кездейсоқ кластерлік инфекциясының тарала бастауы себеп болып отыр.

«Үкімет 14 наурызда аяқталатын әлеуметтік қашықтықты сақтауды тағы екі аптаға ұзартады», - деді премьер-министр Чунг Се Кун Сеулдегі COVID-19-ға қарсы кезекті кездесуде.

Елдің 52 миллион халқының жартысына жуығы тұратын Сеулдің басым аумағы 2-ші, ал қалған бөлігі келесі аптадан бастап тағы екі апта бойы 1,5 деңгейде болады.