10 мау, 2021 сағат 20:45

Оңтүстік Кореяда ғимарат опырылып, 9 адам мерт болды


Оңтүстік Кореяның солтүстік-шығысындағы Кванджу қаласында ғимарат бұзу кезінде опырылып құлап, тоғыз адам қаза тапты, сегіз адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы бес қабатты ғимараттың құлауы туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 16:22-де келіп түскен. Оқиға салдарынан құрылыс алаңының жанында тұрған жолаушылар автобусы үйінді астында қалған. 

Ғимараттың құлауы салдарынан тоғыз адам қаза тапқан, ауыр жарақат алған сегіз адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгені хабарланды. Зардап шеккендердің барлығы – автобус жолаушылары.

Бастапқыда автобуста он екі адам болған деп болжанған. 

Ғимарат үйінділерінің астында екі автокөлік болуы мүмкін деп хабарланған, бірақ видеодан олар апат орнынан әрең қашып шыққаны белгілі болды. 

Құлаған ғимарат маңындағы құрылыс алаңына қарама-қарсы дүкеннің иесі Янг Ик-чже (Yang Ik-je) сыртқа шыққаннан кейін ол жердің дірілдегенін сезгенін айтты. 

«Жол қалың тұман басқандай көрінбей қалды», - деді ол. 

Ғимарат автобусқа опырылып түскені көрсетілген бақылау камераларындағы видеоны тексергеннен кейін дүкен иесі оқиға туралы дереу билікке хабарлаған. 

Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.