08 сәу, 2021 сағат 06:57

Оңтүстік Корея жәндіктерді өсіруді күрт көбейтпек

Оңтүстік Корея ауыл шаруашылығы министрлігі бейсенбіде 2025 жылға дейін жәндіктер нарығының көлемін 140 миллиард вонға (124 миллион АҚШ доллары) дейін арттыруды және бұл сегментті азық-түлік өнеркәсібі дамуының жаңа қозғаушы күші ретінде дамытуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хаббарлайды "Ұлт ақпарат" YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауылдық істер министрлігінің дерегінше, 2019 жылдан мақсатты нарықтық баға 55% өсімді көрсетеді. 

«Біз саланы дамытуды және болашақта азық-түлік тапшылығы мәселесін шешуге көмектесетін жәндіктерді пайдалану арқылы экологиялық таза ақуыз көздерін өндіруді жоспарлап отырмыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Жәндіктерді өндірумен айналысатын фермалар мен компаниялардың саны 2020 жылы 2535-ті көрсетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда (908) күрт өскендікті көрсетеді.