Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин дүйсенбі күні пандемияның елдегі қазіргі жағдайын қадағалай алмаса, коронавирус инфекцияларының «жарылыс» толқынына ұрынуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның YONHAP агенттігі хабарлады.
«Егер біз қырағылықты әлсіретсек, бұл жарылыс күші бар пандеямияға соқтыра алатын қауіпті жағдай болмақ», - деп атап өтті ол коронавирусқа байланысты өткен шұғыл ведомствоаралық кеңес кезінде.
Елдің коронавирус инфекцияларының төртінші толқынына ұрынуы мүмкіндігіне қатысты қауіптенуі өсіп келеді. Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде ең маңыздысы, барлық жерде жүре алатын «жасырын инфекцияланған адамдарды» анықтау ең маңызды болып табылады.
Сондай-ақ Мун Чжэ Ин «егер коронавирус бақылауға алынбаса, үкіметтің экономика және адамдар тіршілігіне түсетін ауыртпалыққа қарамастан, жоғары әзірлік деңгейіне өтуден басқа амалы қалмайтынын ескертті.
Бұған қоса ол қоғамнан вакциналау бағдарламасын қолдауды сұрап, оның сәтті болуы «жылдамдық пен қауіпсіздікке» тәуелді екенін мәлімдеді.
Президент елдің денсаулық сақтау органдарының 30 бен 60 жас аралығындағы тұлғаларға AstraZeneca екпесін қайта сала бастау шешімін де еске салды.