30 сәу, 2021 сағат 14:27

Оңтүстік Корея қатаң карантиндік шараларды 23 мамырға дейін ұзартты


Корея Республикасының үкіметі елдегі орнаған әлеуметтік қашықтық деңгейінің күшін 23 мамырға дейін ұзартуға шешім қабылдады, деп хабарлайды YONHAP агенттіг.

Бұл туралы ел премьер-министрінің міндетін атқарушы Хон Нам Ги жұма күні табиғи апаттар, төтенше жағдайлар және апаттармен күрес бойынша Орталық штабтың отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдау кезінде жаңа коронавирус оқиғасы санының азаймауы мен қадағалау мүмкін болмай жатқан жұқтырғандар санының өсу фактісі ескерілді.

Елде төрт адамнан асатын қатысушылары бар кез келген шараға тыйым салынған. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, жаттығу залдары, салондар, караоке, ірі супермаркеттер бұрынғыша кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді.

Ел билігі келесі аптада болатын мерекелер кезінде отбасылық шаралардың көбеюіне байланысты жұқтыру оқиғаларының өсуінен қауіптеніп отыр. Соңғы күндері елде күніне 600-700 жаңа жағдай тіркелуде.