07 ақп, 2019 сағат 14:28

Өмірзақ Шөкеев алқа отырысын бір минут үнсіздікпен бастады

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. 

Ведомство басшысы Өмірзақ Шөкеев іс-шарада броконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті еске алды. 

Еске сала кетсек, «Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды облысы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтақан. Осы орайда инспекторлар заңсыз аң аулаушылармен қақтығысып қалған. Соның салдарынан инспектор Петр Ницык түрлі жарақат алса, Ерлан Нұрғалиев басынан ауыр соққы алған. Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілген инспектор екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, 15 қаңтарда көз жұмды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Ницык Петр Алексеевич пен Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады.