02 сәу, 2024 сағат 13:29

Біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық — Дина Төлепберген Бишімбаев туралы


Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына қатысты пікір білдірді.

"Өлтіріп, артынан асылық айту - еркекке тән тірлік пе? Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев марқұмның махаббат тарихын аяусыз айтып, өзін ақтап, халықты адастыруға тырысып жатқандай... Неге судья ерік береді оған?
Салтанаттың ата-анасына, ағасына қаншалықты қиын екенін айтпағанда, сырттай бақылап отырған біздер бұлқан-талқан болып отырмыз. Ол не десе, о десін. Бірақ біз, әйелдер, бірігіп, бір ойдан айнымайық!" - деп жазған ол.


Айта кетейік, әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаев кеше сотта оқиғаның қалай болғаны туралы әңгімелеуді бастады. Айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенованың туыстары әлеуметтік желіде дұрыс емес ақпарат таратқанын және Салтанатты аса қатыгездікпен өлтіру деген баппен келіспейтінін жеткізді. Сондай-ақ, айтуынша бұрынғы азаматтық әйелі бай олигархтардың көңілдесі болған.