18 нау, 2021 сағат 12:11

Ольга Рыпакова Олимпиадаға дайындықты бастап кетті

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының үздігі Ольга Рыпакова Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ольга Рыпакова нидерландиялық маман Хенк Крайенхофпен бірлесіп жаттығуда. 

Токио Олимпиадасына дайындалу мақсатындағы оқу-жаттығу 16 наурыз - 6 мамыр аралығында өтеді. 

Еске салайық, Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарына жолдаманы 2019 жылы Алматыда өткен Қазақстан кубогінде жеңіп алған болатын. 

О.Рыпакова 37 жаста. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола медаль иегері.