02 ақп, 2019 сағат 00:29

Ольга Рыпакова ел азаматтығын алған кениялық спортшыларға қатысты пікір білдірді

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кениялық жеңіл атлеттердің ұлттық құрамаға қабылдануы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды olympic.kz.

Танымал спортшы өз пікірін әлеуметтік желіде жариялаған. 

Рыпакова өз сөзінде шетелдік спортшылардың отандық жеңіл атлетиканың дамуына үлес қосатынын атап өткен. 

Айта кетелік, Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрака Коэча сынды спортшылар бапкері әрі менеджері Кеннет Ротичпен бірге 2018 жылы Қазақстан төлқұжатын алған еді.

«2018 жылдың желтоқсанында кениялық төрт спортшы мен олардың бапкері Қазақстан азаматтығын қабылдады. 2019 жылдың қаңтарынан бастап аталған спортшылар Шығыс Қазақстан облысының құрамасы мен «Алтай Атлетикс» клубының намысын қорғайды.

Еліміздегі жеңіл атлетиканың дамуына бей-жай қарамайтындықтан, кениялық спортшылардың келуі оң әсер беретінін айтқым келеді. 

Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазақстан үшін де таңсық емес. Елімізге 2005 жылдан бері шетелдік спортшылар шақырылуда.

Қазақстан туының астында өнер көрсететін Кения спортшылары әлемдік жарыстарда жүлдеге ілігіп жүр. Осылайша, біз әлемдік жеңіл атлетикада айтарлықтай имидж қалыптастырамыз.

Кениялық желаяқтар өз тәжірибелері мен техникасын біздің спортшыларға үйретіп, жастарға жол көрсетініне, шеберлік сабақтарын өткізеріне сенімім мол. Одан бөлек, спортшылар ішкі біріншіліктегі бәсекелестікті арттыра түседі. 

Спортшылар өз еріктерімен ҚР азаматтығын қабылдады. Жақсы нәтиже көрсетуге талпынған адам ретінде мұндай әріптестерім барына қуанамын», - дейді Рыпакова.