АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан кем дегенде 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Нью-Йорк қаласы өрт сөндіру қызметінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.
«Қазіргі кезде 90 отбасы эвакуацияланды, бұл шамамен 240 адам. Оқиға орнында 350-ден астам өрт сөндіруші мен жедел жәрдем қызметкері жүр. Абырой болғанда, күрделі жарақат алғандар жоқ, 21 пациент, соның ішінде 16 өрт сөндіруші жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді», - делінген өрт сөндіру қызметінің мәліметінде.
CNN телеарнасының хабарлауынша, өрт оқиға Куинс ауданындағы 150 пәтерлік үйде орын алған. Үйдің алтыншы қабатында басталған өрт жалыны жоғары қабаттарды шарпыған.
Өрттің әлі сөндірілмегені атап өтілуде.