Нью-Йоркке сапар шеккен әр адам әртүрлі қызық оқиғаны бастан кешпей қоймайды. Мәселен, Нью-Йорк стиліндегі үлкен пицца тілімінен дәм тату, Бруклин көпірінде серуендеу және де метрода өріп жүретін егеуқұйрықтармен «жақын танысу». Олардың естен кетпейтін себебі, әр егеуқұйрық мысық сияқты үлкен.
CNN басылымының хабарлауынша, ұзақ жылдар бойы Нью-Йорк метросында емін-еркін өмір сүрген егеуқұйрықтардың көзін жою ісі қолға алынды. Ол үшін шелек-шелек алкоголь өнімдері «көмекке келмек».
Бруклин ауданының президенті Эрик Адамс БАҚ өкілдеріне егеуқұйрықтарды қалай масайтатындары туралы жан-жақты түсіндірді. Ekomille деп аталатын құрылғы егеуқұйрықтарға тамақ ұсынады, одан кейін алкоголь толы шелекке түсетін жолмен жүргізеді. Әрбір шелек 80 егеуқұйрық сыятын көлемде. Усыз алкоголь өнімі егеуқұйрықтың естен тануына кепіл екен.
Айта кетерлігі, 2017 жылы мэр Билл Де Блазио егеуқұйрықтардан қаланы тазарту үшін 32 миллион доллар тұратын жобаны іске қосқан болатын. Дегенмен, ол бұл аталмыш тіршілік иелерін түбегейлі жоя алмады.