Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Интернеттің қазақстандық сегменті діни экстремизмен күресуде көмекші болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нығматулин бұл туралы Ақтөбеде халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі отырыс барысында айтты.
Мәжіліс спикері мемлекеттік органдар мен басқа да құрылымдардың қызметі тек қауіпті Интернет сайттарды бұғаттау емес, сондай-ақ, білім беретін және танымдық бағыттағы сайттарды арттыру екенін айтып өтті.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, экстремизммен және терроризммен тек күштеп күресуге болмайды. Әлеуметтік, идеологиялық, тәрбие және білім беру де аса маңызды рөл атқарады.
"Депутаттар бүгін айтылған ұсыныстарды биыл күз айында Парламентке енгізілейін деп жатқан заңжобасының аясында қарап, талқылайтын болады", - деді Нығматулин.
Сондай-ақ, Мәжіліс төрағасы барлық мемлекеттік және қоғамдық институттың бірлескен жұмысы радикалдық көзқарастардың қалыптасуын алдын алып, терроризм қауіптері жайлы ескертіп, антитеррорлық қорғаныстың деңгейін арттыратынына сенетінін айтты.