Кеңес Одағының ыдырап, 1991 жылы әлем картасында жас мемлекеттің пайда болуы сәтінен бастау алған Қазақстан Республикасының отыз жылдық тәуелсіздігінің тарихы аталған кезеңнен 2019 жылдың 20 наурызына дейін елді басқарған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атымен тығыз байланысты.
Ұлт көшбасшысы қанаты қатпаған жас мемлекеттің іргетасын қалап, елдің халықаралық сахнада беделінің артуына, халықтың қауіпсіз де бейбіт өмір сүруіне жағдай жасады.
Бірталай жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекет үшін бұл тарихи күн. Отыз жыл ішінде түрлі салаларда қол жеткізген ұлы жетістіктер, оның ішінде экономиканың қарыштап өсуі, ғылыми прогресс пен саяси жеңістер, сондай-ақ елдің жалпы даму қарқыны Қазақстанды әлемнің маңдай алды мемлекетерінің қатарына қосылуына жол ашты.
Елдің демократиялық дамуына үлес қосып, заманауи мемлекет құрудағы айтулы еңбегі сіңгеннен кейін, Ұлт көшбасшысы өз еркімен биліктен бас тартып, елде президенттік сайлау өтеді. Аталған сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің сындарлы саясатын жалғастырып келеді.
Отыз жылдық тәуелсіздіктің символына айналған елдің жаңа елордасы бүгінде білім мен ғылымның нышанына айналып отыр.
Қазақстанның елордасында және де басқа қалаларында болған кезімде қысқа уақыт ішінде мемлекеттің қаншалықты дамығынына көз жеткіздім. Әрине бұның бәрі Н.Назарбаевтың көреген басқаруының және көшбасшылық қасиеттерінің арқасында екені күмәнсіз.
Халық та оның еңбегін зор бағалап, Отанына деген сүйіспеншілігін жасырмайды. Ұлт көшбасшысы бола тұра, елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болған Ата заңды қабылдап, Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан мемлекеттің гүлденуіне барлық жағдайды жасады.
Сонымен бірге, конфессияаралық және өркениеатаралық диалогты дамыту жөніндегі Орталықты құрып, әр түрлі этностар мен діндердің бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай өмір сүруіне мүмкіндік берді.
Осылайша Ұлт көшбасшысы өнеркәсіп, туризм, мәдениет, спорт және тағы да басқа салалардың дамуына, елде білім беру және ғылыми мекемелердің жаппай ашылуына, заманауи технологияларды тартуға себепші бола тұра, Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдердің қатарынан табылуына айрықша септігін тигізді.
Орайлы сәтті пайдалана отырып, Халықаралық мәдени дипломатия институтының атынан ұлы қазақ халқын және Қазақстан Республикасын отыз жылдық тәуелсіздік мерейтойымен құттықтаймыз.
Доктор Мохаммед Камиль Аль Муайни,
Халықаралық мәдени дипломатия институтының негізін салушы және Төрағасы
