01 қаз, 2020 сағат 15:05

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрін қабылдады

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына карантин кезеңінде елде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жеке құрамды эпидемиядан қорғау жөнінде мәлімет берілді. 

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдарының халықпен өзара іс-қимылын жақсарту, олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

– Мемлекеттік органдардың қоғам үдесінен шыға білгені жөн. Жұртшылықпен тікелей диалог орнатып, азаматтармен кері байланысты жақсарту үшін қазіргі «платформалардың» жұмыс форматын қайта қарау қажет. Басты мақсат – халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін және оның қызметінің тиімділігін арттыру, – деді Елбасы.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Президенттің жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау және елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.