02 шіл, 2020 сағат 06:45

Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясын емдеу курсынан сәтті өтті, – деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері теріс нәтиже көрсеткен коронавирусқа бақылау тестінен өтті.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Мәжіліс төрағасы тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Диагноз коронавирустың симптомсыз түрі деп қойылды. Осыған орай, Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау туралы шешім қабылдаған еді.