Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрислам Санаев жартылай финалда жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еркін күрестен 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Нұрислам Санаев жартылай финалда түркиялық Сулейман Атлыдан ұтылып қалды. Енді ол тек қола медаль үшін ғана боз кілемге шығады.
Айта кетсек, Санаев осыған дейін ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан айласын асырып, жартылай финалға өткен болатын. Сонымен қатар Токио Олимпиадасына жолдаманы да қоса жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 65 келі салмақта еркін күрестен Дәулет Ниязбеков күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.