Қазақстандықтар Александр Недовесов және Дмитрий Попко жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовпен күш сынасты.
Қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.
Дмитрий Попко грузиялық Александр Метревелимен бірге қарсыластары, жапониялық Татцума Ито – ұлыбританиялық Райан Пенистон кортқа шықпағандықтан, ширек финалға
жолдама алды.
А.Недовесов – В.Троицки және Д.Попко – А.Метревели жұптары өзара кездесіп, қай жеңгені жартылай финалға өтеді.
Жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Тимофей Скатов екінші айналымда аустриялық Себастьян Офнермен шеберлік байқасып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.
Сөйтіп ол ширек финалға өте алмады.
Бүгін Т.Скатов фин Отто Виртаненмен бірге жұптықтсында ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскоймен кортқа шығады.