28 нау, 2021 сағат 22:33

Нұр-Сұлтан мен 11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 29 наурыз күні елордада көктайғақ болып, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с болады. Көкшетауда 29 наурызда жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метге жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер жауын мен қар жауады. Таразда түнде және таңертең нөсер жауын және қар жауады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түсуі мүмкін. 

29-30 наурыз күндері Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда 29 наурызда түнде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 

29 наурызда Павлодар облысыныі кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 мтер болады, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Павлодар қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады. 

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

29 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда 29 наурыз күні түнде және таңертең тұман түседі. 

29 наурызда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкентте 29 наурызда түнде нөсер жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда түнде және таңертең найзағай ойнайды.

29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с.

29 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.