19 қаз, 2020 сағат 11:05

Nur Otan партиясын қолдау деңгейі 76,8% құрайды

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалнама нәтижелеріне сәйкес партияны қолдау деңгейі 76,8% құрайды. Сонымен қатар, 70,7% партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2% елдің одан әрі дамуын тек «Nur Otan» партиясымен байланыстырады, деп хабарлайды Socioexpert.

Партияны қолдаудың жоғары деңгейі, бұл пандемия кезеңінде халықты қолдау жұмыстарының күшеюінің, кері байланыстың онлайн-арналары мен қоғамдық қабылдаулардың нығаюының, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі мақсатты жұмыстарының нәтижесі. 

Сондай-ақ, партия рейтингтерінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймеризді өткізу ықпал етті. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4% дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55% - тен астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. Қазақстандықтардың 65,3% партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62% праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды.