24 ақп, 2020 сағат 12:30

Нұр-Мүбарак университетінің докторанттары Египетте ғылыми тағылымдамадан өтуде

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану және Дінтану мамандығының 2 курс докторанттары Мысыр Араб Республикасындағы әйгілі әл-Азһар университетінде шетелдік тағылымдамадан өтуде.

6D021500-Исламтану мамандығының докторанттары Ж.Рахымғазиев, Д.Құрманбаев, С.Шәкизада, 6D020600-Дінтану мамандығының докторанттары Е.Нүсіпбаев Е.Орынбаев шетелдік ғылыми жетекшілері әл-Азһар университетінің профессор, PhD доктор Ато Сынбатимен және  Ақида және философия кафедрасының доценті, PhD доктор  Рида Дақиқи мырзалармен жүздесіп, диссертация жұмыстарына байланысты кеңес алуда.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті

 университетінің  баспасөз хатшысы