#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Нөсер салдарынан 200 мыңнан астам жапондық эвакуацияланып жатыр

  • 04.07.2020
  • 0
  • 261

Сенбі күні 200 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіру туралы нұсқау алды, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.

Нұсқауды Кумамото және Кагосима префектурасының тұрғындары алды, онда қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды, ол адамдардың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 13 адам өзен арнасынан асып, су басқан Акисита кентінде (Кумамото префектурасы) жоғалып кеткен. 

Kyushu Electric Power энергетикалық компаниясының мәліметі бойынша, нөсер жаңбыр салдарынан Кумамото префектурасындағы 9 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.

Премьер-Министр Синдзо Абэ Кеңсесі жанынан дағдарыс штабы құрылды. Ол келіп түскен ақпаратты жинақтап, талдайды. Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерінің жасақтары жергілікті құтқару қызметтеріне көмек көрсету үшін өңірге келуге дайындалуда. 

Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы елдің оңтүстік батысында бұрын-соңды болмаған жаңбыр жауғанын атап өтті. Кумамото префектурасының кейбір аудандарында күніне 479,5 мм жаңбыр жауған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар