29 мам, 2021 сағат 11:34

Норвегия 19 қыркүйекке дейін елдегі ересек адамдарды вакциналауды жоспарлап отыр



Норвегияның жаңарған вакциналау күнтізбесіне сай, Корольдіктің қоғамдық денсаулықты сақтау институты (FHI) осы жылдың 19 қыркүйегіне дейін коронавирусқа қарсы препаратпен елде тұратын 18 жастан жоғары барлық санаттағы адамдарға толығымен екпе салуды ұйғарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

FHI бағалауы бойынша, елдегі ересек адамдар 2021 жылдың 26 шілдесінен бастап 1 тамызына дейін 30 күнтізбелік апта ішінде коронавируске қарсы вакцинаның бірінші дозасын алады.

FHI күнтізбесі – вакцинаның бірінші дозасы мен екінші дозасының арасындағы 12 аптаға дейінгі аралықты қосатын вакциналаудың жоспарланған сценарийі. Сонымен қатар FHI күнтізбенің ұдайы өзгеріп отыратынын атап өтті. Мысалы, 30 сәуірде норвегиялықтардың ересек бөлігін вакциналауды 12 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған болатын.

Көктемнің аяғында 5,46 млн норвегиялықтың 124 211-і (1 млн адамға 22 751 оқиға) коронавирус жұқтырған. Олардың 783-і (1 млн адамға 143 оқиға) қайтыс болды, 18 науқастың жағдайы ауыр. Корольдікте 2020 жылдың 27 желтоқсанынан бастап б1 631 293 екпе алды.