Нобель сыйлығының 120-дан астам лауреаты «Үлкен жетілік» тобына кіруші елдердің (G7) Ұлыбританияда өтетін алдағы саммитінің алдында арнайы декларацияға қол қойып, онда мемлекет және үкімет басшыларын климаттың өзгеруімен күреске күш салуға үндеді. Бұл туралы DPA агенттігін хабарлады.
«Әлем биосферада қайтымсыз өзгерістерге ұшырауы мүмкін», - деп атап өтілген декларацияда. Бұл ретте Нобель сыйлығы лауреаттарының мемлекет және үкімет басшыларын 2030 жылға қарай парник газдарының қалдықтарын екі есе қысқарту бойынша шараларды барынша тезірек қолдануға үндеп отырғаны атап өтіледі. «Қайтымсыз өзгерістердің алдын алуға болатын уақыт кетіп барады», - деп атап өтіледі құжатта.
Ұлыбритания G7 саммитін дәстүрлі форматта, 11-13 маусым күндері аралығында Корнуолл жартылай түбегінің Карбис-Бэй курорттық қалашығында өткізуге ниетті. G7 тобына кіруші елдердің көшбасшыларынан басқа, оған Еуроодақ Кеңесінің басшысы Шарль Мишель, Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және биыл арнайы шақырылған Австралия, Оңтүстік Корея және ОАР басшылары, сондай-ақ ДСҰ жаңа бас директоры Нгози Оконджо-Ивеале қатысады.
Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон бұған дейін бұл шараның негізінен климаттың өзгеруі тақырыбына арналатынын мәлімдеген болатын.