«Жас Отан» жастар қанатының IV съезінде Орталық кеңестің жаңа мүшелері сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұйымның төрағасы Данияр Сүндетбаев және аймақтық бөлімшелердің 16 басшысы қалды. Олардың ішінде Астана мен Алматы қалаларының екі төрағасы да бар. Ал Орталық кеңеске сайланған жаңа мүшелердің ішінде «Arutas» бетон бұйымдарын шығару зауытының директоры Бекжан Әлімқұлов, «Ninety One» тобының әншісі Дулат Мұхаметқалиев, каратэші Ислам Байрамов, «АқтөбеМұнайМашКомплект» ЖШС қызметкері Қуанышбек Әбдірахманов, Талдықорған медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Меруерт Әбілқас, «NCOC N.V.» компаниясының кеңесшісі Ілияс Қонысбаев, ШҚО Ішкі саясат басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков, «САНА» ЖШС директоры Серікбол Берікқожа, «Жас Отанның» аймақтық кеңесшісі Жандос Сүлейменов, «Алтын жүрек» сыйлығының иегері Нияз Сүндетәлиев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жастар мен студенттік ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Абай Жүсіпов, «Абзал и Компания» директоры Мағжан Ералиев, Жаңаөзен қаласының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Ғани Құрманғалиев, үздік спикер Рүстем Арманов және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің «Қоғамдық келісім» МКК аудандық филиалының басшысы Абылай Мұсабеков бар.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Конгресс-орталықта «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі басталды. Биылғы шара жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Арнайы конференцияда ұйымның жаңа жарғысы қабылданды. Ертең гала-форум ұйымдастырылады. Сол жерде «Жас Отанның» тұжырымдамасы қабылданады деген жоспар бар.