Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан топтың тарауына қатысты қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Продюсердің айтуынша, топ тарамайды.
"Топ пен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісімшарт мерзімі биыл қыркүйекте бітеді. Яғни мәселе Ninety One тобы компаниямен жұмысын тоқтатуында. Бұл мәселе жарты жылдан бері талқыланған. Енді топ өзі жеке бренд ретінде жұмыс жүргізетін болады. Ал компания жеке басқа бағытта жұмыс жүргізетін болады", - деп түсіндірді Ерболат Беделхан.
Еске салайық, Ninety Оne - JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы "Айыптама" атты синглмен дебют алған, бүгінде 4 мемберден тұратын қазақстандық топ. Бас продюсері - "Орда" тобының мүшесі Ерболат Беделхан.