Қазақстандық әнші, Ninety One тобының солисі Азамат Ашмақын (ACE) The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы ұйымдастырушы TC Candler арнасының Instagram-дағы парақшасында белгілі болды. Дауыс беру науқаны басталды. Қолданушылар 2021 жылдың ең әдемі 100 адамын анықтау үшін лайық деп тапқан жұлдыздың суретіне пікір жазып, лүпіл басып жатыр.
ACE-тен бөлек, бұл тізімде танымал әнші Зейн Малик, актер Том Круз, актриса Эмма Уотсон, Victoria 's Secret "періштелерінің" бірі болған Кэндис Свейнпол және басқалары бар.
Еске салайық, бұған дейін "2018 жылдың ең әдемі 100 адамы" байқауының номинанттары қатарына қазақстандық модель Айя Шалқар да кірген.
Одан бұрын Димаш Құдайберген ерлер арасында "2017 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне енген еді. Youtube желісіндегі TC Candler арнасы Димашты 76-орынға қойған болатын.
1111 рет оқылды