Қарулы адамдар тобы Нигерияның солтүстігіндегі Джангебе қаласындағы мектеп-интернаттан 300-ден астам оқушыны ұрлап әкетті. Бұл туралы нигериялық Vanguard газет хабарлады.
Ұрлау фактісін жергілікті билік растады. «Балалар ұрланған», - деді Замфара губернаторының өкілі. Бірақ ол тұтқындалғандардың нақты санын және оларды қайда әкеткендігін атаған жоқ.