17 ақп, 2021 сағат 14:57

Нигерияда қарулы топ колледжге шабуыл жасап, жүздеген адамды ұрлап әкеткен

Нигерияның батысындағы Кагара қаласында қарулы топ мемлекеттік колледжге шабуыл жасап, жүздеген студент пен оқытушыларды ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Agence France-Presse (AFP) агенттігі.

«Қарулы топ жүздеген студент пен оқытушыларды алып кетті. Бірнеше студент пен бір қызметкер қашып үлгерген», дейді жергілікті шенеуніктердің бірі. 

Сондай-ақ нигериялық Vanguard газеті жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап шабуыл кезінде бір студент мерт болғанын және бірнешеуі жарақат алғанын хабарлады. Шенеуніктің сөзінше, студенттік форма киген қарулы адамдар түнгі 2-де жатақханаға басып кірген. Ұрланған адамдардың нақты саны анықталып жатыр.